8 колледж жабылды – БҒМ

1213

ҚР Білім және ғылым министрлігі 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды. Осыған байланысты олардың қызметі толығымен тоқтатылды.  

8 колледж жабылды – БҒМ

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті оқу орындарының білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп, тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады. Ол оқу орындарында сабақ жүргізілмеген немесе мектеп түлектері сол колледждерге (бірінші курсқа) оқуға түсуге қызығушылық танытпаған, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметіне сілтемемен.

Мысалы, Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжінің басшылығы лицензияларын өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдаған.

"Жалпы барлық жабылған колледж студенттері басқа оқу орындарына уақытылы ауыстырылды және оқытушылары жұмыспен қамтамасыз етілді",– дейді министрліктен.

Ведомство колледждердің білім беру қызметіне қатысты мониторинг жұмыстарын ары қарай жалғастыра бермек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу