8 көпбалалы отбасы грантқа ие болды

1667

Қарқаралыда 439 отбасы атаулы көмек алуда. Олардың 6-ы жәрдемақы алудан бас тартып, өз ісін ашуға шешім қабылдады. 

8 көпбалалы отбасы грантқа ие болды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында соңғы айларда 8 кәсіпкер грант алды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Ал жыл басынан бері 110 кәсіпкерге грант берілген, оның 8-і көп балалы отбасы.

"Биылғы жылдан бастап ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін өз ісін және бизнес-идеяларды дамытуға гранттар қарастырылған. Жоба "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Біздің ауданымыз бойынша осы жылы 110 кәсіпкер 54 млн 287 мың теңгеге қаржылық көмек алды. Олардың 8-і көп балалы отбасылар, 5-і жұмыссыздар, 5-і аз қамтылғандар, 5-і мүмкіндігі шектеулі адамдар және 87 жас кәсіпкерлер. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады",– деді Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Қанат Бабайбеков.

Оның айтуынша, грант алған кәсіпкерлердің көпшілігі қаражатын мал шаруашылығын дамытуға жұмсамақ. Қалғандары қызмет көрсету, тамақтану, киім тігу және т.б. саласында қызмет көрсетуді көздеп отыр.

Қазір ауданда 439 отбасы атаулы көмек алуда. Олардың 6-ы жәрдемақы алудан бас тартып, өз ісін ашуға шешім қабылдады. Осыған байланысты гранттарға қосымша қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу