8 қыркүйек күні Астанадағы "Барыс Аренада" қазақ күресінен түйе балуандар арасындағы "Әлем барысы" әлем чемпионаты өтеді, — деп хабарлайды 24kz.
Беделді бәсекеге 40 елдің спортшылары қатысады. Бас жаттықтырушы Ерлан Естек бастаған бапкерлік кеңестің шешімі бойынша ел намысын Айбек Нұғымаров, Мұxит Тұрсынов, Айбат Сейтен және Дәурен Нұралинов қорғайды.
Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасы "Әлем барысы" абсолютті әлем чемпионатына дайындығын пысықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу