"Қазгидромет" синоптиктері бейсенбі, 8 мамыр күні Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жасады.
Астана қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Кей аймақтарда өрт қаупі жоғары.
Павлодар облысында тұман мен жоғары өрт қаупі сақталады. Бұл жағдай облыс орталығын да қамтиды.
Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с дейін күшейеді. Көпшілік аймақтарда өрт қаупі жоғары деңгейде.
Ұлытау облысында найзағай мен бұршақ болжанып отыр. Жел 15 м/с дейін күшейеді. Жезқазғанды қоса алғанда, өңірдің батысы, шығысы, оңтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары. Семей мен Өскеменде де жағдай осындай.
Ақтөбе облысында жаңбыр мен бұршақ, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысында түнде және күндіз найзағай мен бұршақ болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Батыс аймақтарда өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында найзағай мен бұршақ болжанып отыр. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Өңірдің бірнеше бөлігінде өрт қаупі жоғары.
Атырау облысында найзағай, бұршақ және жел екпіні 15-20 м/с күтіледі. Өрт қаупі жоғары деңгейде, әсіресе оңтүстік пен шығыста.
Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай болуы мүмкін. Қонаев қаласында жел екпіні 15 м/с дейін күшейеді. Күндіз 35°С дейін аптап ыстық күтіледі.
Жамбыл облысында найзағай мен бұршақ, жел екпіні 20 м/с. Күндіз оңтүстік-батыста температура 38°С дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысында найзағай мен шаңды дауыл күтіледі. Жел 15 м/с дейін күшейіп, кей аймақтарда өте жоғары өрт қаупі болады. Қызылорда қаласында да осындай жағдай қалыптасады.