8 миллион қазақстандық банкоматтан ақшаны комиссиясыз шеше алады

814

 8 миллион қазақстандық банкоматтан ақшаны комиссиясыз шеше алады

Енді Халық пен Казкомның 8 млн клиенті банкоматтан ақшаны комиссиясыз шеше алады. Бұл қос банктің банкоматтар желісін біріктіру туралы шешіміне байланысты мүмкін болып отыр.

Жалпы биылғы 1 маусымдағы көрсетілген дерекке сәйкес, Халық банкіне тиесілі 2 мың 367 банкомат жұмыс істеп тұр. Оның 5 жүз 59-ында ақша салу функциясы бар. Ал Казкомда 2 мың 292 құрылғы болса, 4 жүз 65-де қаражат жіберу қызметі көрсетілген. Ұлттық банктің мәліметінше, 2017 жылдың сәуірінде банкоматтар арқылы 683,2 млрд теңгеге 17,6 млн транзакция жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу