8 миллион теңгеге салынған smart-аялдамалар сүріліп жатыр

1250

Талдықорған әкімдігі мердігердің жұмысын қабылдамады.

8 миллион теңгеге салынған smart-аялдамалар сүріліп жатыр

Алматы облысының орталығына smart-аялдамалар салынғалы көп уақыт болған жоқ. Алғашқы "ақылды" кешен өткен жылдың жаз айында қолданысқа берілген болатын. Бүгінге дейін бірнеше көше бойында ашылған аялдама қайтадан жабылды. Ал қала орталығында бір аялдама толықтай бұзылып, сүріліп жатыр, деп хабарлайды abctv.kz

"Біздің қала үшін түсініксіз жағдай болды. Кеше ғана ашылғанына қуанып едік, жабылғанын ұқпай тұрмыз. Аялдама жылы әрі тегін  Wi-Fi бар еді",– дейді қала тұрғыны Қайрат Абдрахманов.

Қала тұрғындары "ақылды" аялдамаларға жұмсалған қаржы желге ұшқан жоқ па деген күдікте. Өйткені,  smart кешендер арзан тұрмайды. Әр аялдамаға 8 миллион теңге жұмсалған. Бұл қаржығы қаланың жаңадан салынған ауданынан 1 бөлмелі пәтер алуға болады.

"Орталықтағы, яғни Қабанбай көшесіндегі аялдама көшені кеңейтіп, жөндеуге байланысты сүрілді. Жұмыс аяқталған соң қайта ашылады. Шығынды компания өтейді. Ал басқа аялдамалар мердігердің жұмысына байланысты жабылды. Жалпы, Жалайри көшесі бойына орнатылған бір аялдамаға 11 млн теңге жұмсалған, қалғандары 8 млн теңге тұрады", – деп түсіндірді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данир Жаныс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу