Алдымен, күдікті деген судья Мейрам Жанғұттынов екенін растады. Ол шынымен де 2019-дың ақпаны мен 2020-ның желтоқсан айлары аралығында Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болған. Алайда, өкілеттік мерзімі тәмамдалғандықтан жыл соңында бұл кеңестен шығарылған. Ал пара берді деген күдікке ілінген түркістандық судья Тұрғынбаева елордаға ауысамын деп, бірнеше рет лауазымдық конкурстарға қатысқан екен. Алайда, оның кәсіби шеберлігін кеңес жоғары бағалай қоймаған көрінеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу