8 мың салық төлеушіге электронды шот-фактуралар жазу мүмкіндігі шектелді

833

Тәуекелдерді басқару жүйесі жалған шот-фактура жазып берген компанияларды анықтап, қызметін шектеуге ықпал етті.  

8 мың салық төлеушіге электронды шот-фактуралар жазу мүмкіндігі шектелді

Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, тәуекелі жоғары салық төлеушілер бойынша электронды шот-фактураларды жазып беруді шектеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылмақ.

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осыған дейін ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің "АйДи строй" ЖШС-нің басшысы Д. Құрманғожинованың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 900 млн теңге көлемінде залал келтірілгенін хабарлаған.

Бұл әрекеттерді директор 54 тапсырыс берушінің атына жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы жүзеге асырған.

"Осындай жағдайларды ерте анықтау мақсатында 2019 жылдан бастап тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, электронды шот-фактураларды жазып беруді шектеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Бұл зияткерлік талдауды қолдана отырып, электрондық шот-фактуралардың мәліметтерін талдау арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 8 мың салық төлеушіге электронды шот-фактуралар жазу мүмкіндігі шектелген, оның жалпы сомасы 3,3 трлн теңге", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар 529 млрд теңгеге электронды шот-фактуралар жазған мекемелердің тіркелуі жарамсыз деп танылды.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша залал сомасы 183 млрд теңге болатын 618 қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Салық төлеуші, электронды шот-фактуралар, шот-фактура, шот-фактура жазу мүмкіндігі шектелген

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу