8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

570

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдар қашықтан бақыланады. 

8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов отбасында жанжал шығаратын жандар карантин кезінде үнемі полицияның бақылауында болатынын айтты.

"Тіркеуде тұрғандар мен құқық бұзуға бейім адамдарды қашықтан, яғни әлеуметтік мессенджерлермен видео байланыс арқылы тексеретін болдық.

Бұл тәсіл жедел әрекет етуге мүмкіндік береді", – деді  Әсет Оспанов.

Оның сөзінше, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері жайында полиция органдарына жедел хабар беру үшін арнайы алгортим әзірленді. Алгоритмен

дәріханалар мен дүкендердің сатушылары, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа тап болуы мүмкін жандар таныстырылды.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық қатынас кезінде құқыққа қайшы әрекетке барған 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың жартысына жуығы әкімшілік қамауға алынды", – деді  Әсет Оспанов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу