8 мыңнан астам автокөлік иесіне газдалу деңгейін асырғаны үшін айыппұл салынды

787

8 мыңнан астам автокөлік иесіне газдалу деңгейін асырғаны үшін айыппұл салынды

Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында экология департаменті ІІД жол полициясымен бірлесіп қалалық автокөліктерге тексеріс жүргізіп, газдалу және түтіндету деңгейін асыру фактісін анықтауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

"Осы жылдың 9 айында 12 907 бұзушылық тіркеліп, жалпы сомасы 39 млн теңгеге 8 291 әкімшілік айыппұл салынды", - деді табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұса Танабаев елорданың ауа бассейнінің жағдайына арналған брифинг барысында. 

Оның айтуынша, Астанада ауа атмосферасының сапасын жақсарту жөнінде бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр. 

Атап айтқанда, коммуналдық кәсіпорындардың  854 көлігі газга көшірілді. Жеке және заңды жеке тұлғаларға газ балондық құрылғы орнатуға 14 мыңнан астам рұқсат берілді. 500-ден астам такси қала әкімдігі мен таксомоторлық компаниялар арасында қол қойылған меморандумға сәйкес газга ауыстырылады. 

Бұған қоса, елордада жолаушылар тасымалында ЕВРО-5 санатына жататын 738 автобус пайдаланылады. Оның 380-і 2017 жылы сатылып алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу