8 науқастың жағдайы нашар

719

Олардың жағдайын республикалық бас мамандар бақылап отыр.  

8 науқастың жағдайы нашар

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі қазіргі коронавирустық жағдайды мәлім етті.

"Бүгінгі күні 8 науқастың жағдайы нашар саналады. Төртеуі өкпені жасанды желдетуде жатыр. Олардың жағдайын республикалық бас мамандармен күнделікті талқылап, бақылауда ұстап отырмыз. Қазір науқастардың жағдайы бірқалыпты. Сонымен қатар, 30 пациент орташа деңгейде, ал 244 науқас жеңіл жағдайда немесе симптомсыз", – деді Елжан Біртанов.

Еске сала кетсек, дәл қазір елде 302 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталған. 1 адам бақилық болып, 21 адам жазылып шықты.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу