8 наурыз күні жедел жәрдем 23 мыңға жуық шақыртуға қызмет көрсетті

141

ДСМ мәліметінше, ең көп шақыртулар Түркістан облысы, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында, одан кейін Жамбыл және Алматы облыстарында тіркелген.    

8 наурыз күні жедел жәрдем 23 мыңға жуық шақыртуға қызмет көрсетті Фото: facebook.com/MinzdravRK

8 наурыздағы мереке күні ел бойынша жедел жәрдем бригадалары 103 диспетчерлік қызметінің пультіне келіп түскен 22,7 мың шақыртуға қызмет көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның ішінде 1147 шақырту бірінші санатқа, 6723 – екінші санатқа, 6220 үшінші санатқа және төртінші санат бойынша емханалар жанындағы бригадалар 8624 шақыртуға қызмет көрсетті.

"Бұл күні ауыр диагнозы бар пациенттерге 15 телемедициналық консультация берілді, санитариялық авиация бір рет ұшуды жүзеге асырды. Жедел коронарлық синдромы бар ер адам санавиация бортымен Құрманғазы кентінен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді", – делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта ел бойынша медициналық жедел жәрдем қызметін 20 дербес станция, 98 қалалық кіші станция және 232 аудандық бөлімше ұсынады.

Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада, МСАК (емхана) ұйымдарының жанындағы шұғыл 4-санаттағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 446 бригада жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу