8 наурыз мерекесі аясында медициналық ұйымдарда ашық есік күні ұйымдастырылады

584

Іс-шара аясында дәрігер-хирург, гинеколог, репродуктолог, кардиолог және жалпы тәжірибе дәрігер, ревматолог, невропатолог мамандардың қатысуымен медициналық тексеру жұмыстары жүргізіледі.

8 наурыз мерекесі аясында медициналық ұйымдарда ашық есік күні ұйымдастырылады Фото: egemen.kz

Шымкентте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі аясында қалалық медициналық ұйымдарда Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашық есік күндері өтетін медицина ұйымдары мен уақыты:

1. Шымкент қалалық барлық емханаларда – 7 наурыз сағат 09:00-13:00 аралығында;

2. Шымкент қалалық онкологиялық орталықта – 9 наурыз сағат 09:00-13:00 аралығында;

3. Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада – 10 наурыз сағат 09:00-13:00 аралығында;

4. Шымкент қалалық №2 ауруханада – 10 наурыз сағат 09:00-13:00 аралығында;

5. Шымкент қалалық №3 ауруханада – 10 наурыз 09:00-13:00 аралығында;

6. Шымкент қалалық перинаталдық орталықта 13 наурыз 09:00-13:00 аралығында;

7. Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында – 15 наурыз 09:00-13:00 аралығында

8. Шымкент Жүрек орталығында – 11-17 наурыз 09:00-13:00 аралығында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу