22 желтоқсанда күндіз, 23 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады. 22 желтоқсанда түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с жетеді. 23 желтоқсанда түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.
Петропавлда ертең күндіз, 23 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Ертең күні бойы оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, 23 желтоқсанда түнде күші 15-20 м/с жетеді.
22 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл соңуы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, асуларда 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал.
Шымкентте ертең таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Түркістан қласында ертең оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
22 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.
Қарағанды қаласында ертең түнде және таңертен тұман түседі, күндіз көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Жезқазғанда ертең тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
22 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылорда қаласында ертең жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
22 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с жетеді.
Көкшетауда ертең көктайғақ болады.
22 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Оралда ертең түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түстен кейін желдің екпіні 18 м/с жетеді.
22 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз оңтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақтөбе қаласында ертең түнде тұман түседі.
22 желтоқсанда Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын түседі, орталықта және облыстың солтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Орталық және облыстың оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с жетеді.
Ертең Қостанай қаласында қалың қар, жаңбыр жауады, көктайғақ болуы ықтимал.