8 өңірде жол құрылысы маусымы басталды

645

Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында жолшы мамандар қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына кірісті. 

8 өңірде жол құрылысы маусымы басталды Фото: Arnapress.kz

Қайта жаңарту жұмыстары бес күре жолда жалғасын тапты. Олардың қатарында  "Атырау-Астрахан", "Қарағанды-Балқаш", "Меркі-Бұрылбайтал", "Күрті-Бұрылбайтал", "Талдықорған-Өскемен" автожолдары бар, деп жазады inbusiness.kz QazAvoJol-ға сілтеме жасап.

Тағы 18 республикалық маңыздағы тасжолда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталды. Мәселен, биыл "Сарыөзек-Көктал" (45-68 шқ арасы), Құрық-Жетібай (0-40, 40-64 шқ арасы) трассаларының бірқатар бөліктерін күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Ал орташа жөндеу жұмыстарымен "Самара-Шымкент", "Алматы-Шелек-Қорғас", "Шымкент қаласының айналма жолы" күре жолдарының учаскелері және т.б жолдар қамтылды.

Жалпы, биыл республикалық жолдар желісі бойынша 3,6 мың шақырым жол қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылса. 3,4 мың шақырым республикалық маңыздағы жол орташа және күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 8 мың бірлік арнайы техника мен 12 мың маман жұмылдыру көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу