8 өзеннің табаны тазартылып жатыр

846

Ақтөбеде Елек, Қарғалы, Песчанка, Жіңішке, Тамды, Сазды, Бұтақ, Жаман Қарғалы өзендерінің табаны тазартылып, жағасы бекітіліп жатыр.

8 өзеннің табаны тазартылып жатыр

Ақтөбеде 8 өзеннің табаны тазартылып, жағасы бекітіліп жатыр. Бұл туралы қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде Елек, Қарғалы, Песчанка, Жіңішке, Тамды, Сазды, Бұтақ, Жаман Қарғалы өзендерінің табаны тазартылып, жағасы бекітіліп жатыр.

"2017 жылы тасқын болып, тұрғын үйлер су астында қалды. Сол кезде Қарғалы мен Елек өзенінің суы бір- біріне құйып, тұрғын үйлер мен бау-бақша ұжымындағы үйлерді су басты. Барлығы 71 бау-бақша ұжымы мен қала маңындағы үш ауылдың үйлері су астында қалды. Шығын  450 миллион теңге. Қазіргі кезде су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды. Өзендердің табаны 20 жылдан бері тазартылмаған екен. Табиғи арналар бұзылып, ол жерлерге жеке үйлер салған. Бұл да үлкен кедергі",  деп хабарлады қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу