8 сәуірден бастап Ухань қаласындағы карантин алынады

1332

Қазіргі уақытта Қытайдың аталған мегаполисінде ауру жұқтырғандар саны 50 мыңнан асты, 2524 адам қайтыс болды. 

8 сәуірден бастап Ухань қаласындағы карантин алынады

8 сәуірден бастап Ухань қаласына (Орталық Қытай, Хубэй провинциясы) кіріп-шығуға қойылған шектеу алынып тасталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"8 сәуір сағат 00:00-ден бастап Ухань қаласында транзиттік жолдармен жүруге қойылған шектеу алынып, көлік құралдарының кіруіне және шығуына рұқсат етіледі. Уханнан кетіп бара жатқан адамдар жасыл "денсаулық кодына" сәйкес жүре алады", - делінген сейсенбі күні жарияланған Хубэй провинциясы денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің құжатында.

Мұндай ереже Хубэй провинциясында 25 наурыз түннен басталады.

Еске салайық, 23 қаңтарда 11 млн тұрғыны бар Ухань қаласында коронавирус эпидемиясына байланысты қатаң карантин енгізілді. Қазіргі уақытта Қытайдың аталған мегаполисінде ауру жұқтырғандар саны 50 мыңнан асты, 2524 адам қайтыс болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу