8 шаруа қожалығының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

1236

Олар жалған мәліметтер ұсынып, 380 миллион теңге көлемінде субсидия алған.  

8 шаруа қожалығының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облсында 8 шаруа қожалығының басшыларына қатысты субсидияны заңсыз иелену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаруа қожалықтарының басшылары "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалған мәліметтерді көрсеткен. Атап айтқанда, олар Ресей Федерациясынан ірі қара малды сатып алуды және әкелуді растайтын жалған құжаттарды ұсынған.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясының деректеріне сәйкес, аталған заңды тұлғалар ірі қара мал сатып алуға өтінім жібермеген және оларды РФ-дан әкелу бойынша бағыттық қағаздарды алмаған.

Аталған шаруа қожалықтары заңсыз алған субсидиялардың жалпы сомасы 380 миллион теңге, ал несиенің жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу