Жалпы бүгін Тараз қаласында электр қуатын жеткізу желілері бойынша қалалық басқарушы мекемесіне 46 өтініш келіп түскен. Соның 29-ы қанағаттандырылды. Қалған 17 өтініш бойынша қалпына келтіру жұмыстары жалғасуды. Ал зақымданған 8 трансформаторлық станса және 6 элекр бағанасы мен кәбілдерді жөндеуге жөндеу бригадалары жұмылдырылған.
Қатты желден құлаған талдар да көп. Құлаған талдардан тазартуға "Жасыл ел – Тараз" ЖШС 2 бриганы жұмылдырды. Қазіргі уақытта 25 ағаш кесілді.
Қала тұрғындары тарапынан жеке немесе көп пәтерлі тұрғын үйлердің шатырлары ұшып кетті деген шағымдар түспеген.
Білім және денсаулық сақтау нысандарында зардап шеккендер туралы факті тіркелмеген.
Ардақ Үсейінова