8 жолаушы пойызы тексерілді

787

8 жолаушы пойызы тексерілді

Шілденің 8-і мен 22-сі аралығында ҚР ИДМ көлік комитетінің қызметкерлері 8 жолаушы пойызында субсидиялау шарттары мен ұлттық стандарт талаптарының сақталуын тексерді, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Алматы-Озинки, Алматы-Новосибирск, Маңғыстау-Ақтөбе, Маңғыстау-Атырау, Алматы-Сарыағаш, Алматы-Жезқазған, Алматы-Маңғыстау және Алматы-Қостанай бағыттарымен жүретін пойыздар тексерілді.

Оның нәтижесінде Ұлттық стандарт талаптарына қатысты 348 заң бұзушылық анықталды. Олардың ішінде вагондардың техникалық жағдайы, терезелердің герметикалығын сақтамау, терезе рамаларындағы таттың ізі, төсек орындарының ластығы анықталды. Сондай-ақ, дәретхана жабдықтары мен басқа да қажетті заттардың болмауы сияқты кемшіліктер бар.

Тексеріс қорытындылары бойынша тасымалдаушыларға 35 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, жақын арада анықталған заң бұзушылықтарды жоюға тапсырма берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу