8 жыл салынған "Жағалау-3" (30 блок) құрылысы биыл аяқталады

742

Қазір құрылыстың қасбеті аяқталып, жұмысшылар лифтілерді орнатуға кірісіп кетті. 

8 жыл салынған "Жағалау-3" (30 блок) құрылысы биыл аяқталады

"Жағалау-3" тұрғын үй кешенінің 30 блогының құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта нысанда қасбеттік жұмыстар жүргізіліп, лифтілер орнатылуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Кеше кешкі аралау кезінде құрылысы созылып кеткен "Жағалау-3" (30-блок) кешенін бір пысықтадық. Бұл үйдің құрылысы 8 жыл бұрын басталған, бірақ қордаланған мәселелері көп. Үлескерлермен бірнеше рет кездесіп, құрылыс кестесін жасаған едік. Қазір құрылыстың қасбеті аяқталып қалды, жұмысшылар лифтілерді орнатуға кірісіп кетті. Сол уақытта – аумақты абаттандыру жұмыстары да жүріп жатыр. Жақын арада ішкі жұмыстары басталады. Сонымен қоса, құрылыс кешені энергиямен тұрақты қамту көзіне (су, жарық, кәріз жүйесі үшін) жалғау жұмыстары жүруде. Бұл тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пәтерлерді жыл аяғына дейін тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз", – деп жазды Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу