"8 жыл толды": Димаш Құдайберген жанкүйерлерін қуантты

180

30 қаңтар – біздің ортақ мерекеміз. 

"8 жыл толды": Димаш Құдайберген жанкүйерлерін қуантты Фото: dimashnews.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерімен қуанышты жаңалығын бөлісті. Композитор өзінің фандомының 8 жылдығына орай су жаңа әннің премьерасын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрметті достар, менің сүйіктілерім Dears! Бүгін 30 қаңтар – біздің ортақ мерекеміз. 2017 жылғы сол бір есте қаларлық күннен бастап, сіздерге алғаш рет осылай Dears деп атағаныма бүгін 8 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде біз концерттік турларыммен Қазақстаннан бастап Азия, Америка, Еуропаға дейінгі көптеген қалалар мен елдерді араладық… Сіздердің ерекше ықыластарыңыз бен қолдауларыңыз үшін, менің шығармашылығыма қызығушылық танытып, маған сенім артқандарыңыз үшін сіздерге айтар алғысым шексіз",  деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу