Қарағанды облысында соңғы сегіз жылда 278 көпқабатты үй жөндеуден өтті. Теміртау мен Қарағанды тұрғындары үшін осы уақыт ішінде 93 жаңа лифт орнатылды. Бұл туралы Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлатнай Үсенов облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
2011 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қарағанды облысында 260 тұрғын үй ретке келтірілген.
"Көпқабатты үйлердің шатыры жөнделді, жертөлелер, коммуникациялық жүйелер мен лифтілер орнатылды. Биыл тағы 18 тұрғын үй ғимараты жөнделді. Жаңғырту республикалық бюджет есебінен де, қайтарымды қаражат есебінен де жүргізілді",– делінген хабарламада.