80 экспорттық келісімшартқа қол қойылады

935

Өнімін экспортқа шығаруды көздейтін кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев министрліктің алқа отырысында осылай деді. 

80 экспорттық келісімшартқа қол қойылады

"2021 жылдан бастап QazTrade шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын дамыту мен саудалау жөніндегі даму институты сақтандырудан бөлек барлық қызметті ұсынады. Бұған қоса биыл 10 сауда-экономикалық миссия ұйымдастырып, 2 халықаралық көрмеге (Шанхай (Қытай), (Expo Dubai (Біріккен Араб Әмірліктері)) қатысу көзделген. Оның қорытындысы бойынша 100 мың АҚШ долларды құрайтын 80 экспорттық келісімшартқа қол қоямыз деген ойдамыз", – деді вице-министр.

Қайрат Төребаевтың айтуынша, 2021 жылы экспортты ілгерілету мақсатында 130 жаңа экспорттаушы сыртқы нарыққа шығуды көздеп отыр. 

"KazakhExport құралдары шеңберінде экспорттаушыларға 200 млрд теңгеге дейін сақтандыру бойынша қолдау көрсетіледі.

"Өнеркәсіптік саясат туралы" жаңа заң шеңберінде отандық өңделген тауарларды сатып алатын шетелдік бизнес өкілдері де қолдауға ие болады. Бұдан бөлек "Қазақстан Республикасының экспорттық-несиелік агенттігі туралы" заң жобасы әзірленеді. Құжат биыл қабылданады деп үміттенеміз", – деді вице-министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу