Ақмола облысының Ақкөл ауданында орман өртенді, деп хабарлайды 24.kz.
Алдын ала болжам бойынша, даладағы қураған шөп ауыл шаруашылығы техникасынан шыққан ұшқыннан тұтанған. Кейіннен тілсіз жау жақын жердегі орманды да шарпыған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Амангелді ауылынан 10 шақырым жерден шыққан дала өртінің жалпы аумағы 350 гектарға жеткен. Оның 80 гектары – орманды алқап.
Қазір жан-жағын шарпыған жалын толық сөндірілді. Ал осы іске қатысы болуы мүмкін деген күмән бойынша техниканы дұрыс пайдаланбаған күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу