Қасиетті Рамазан айының құрметіне Нұр-Сұлтанда "Рамазан керуені" жолға шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінен бастау алған "Рамазан керуеніне" жалпы саны 80-нен астам көлік қатысып, алдын ала түзілген тізім бойынша елордадағы 100 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды.
"Рамазан керуенінің" алғашқы көлігі Балаларды оңалту орталығының жатақханасына соқты.
Еріктілер ұйымы мен қайырымдылық топтарының басын қосқан шара алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу