80 мың адамға қарыз берілді

1582

Былтыр "Аграрлық несие корпорациясы", "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" және "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруға 446 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халыққа есеп беру барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

80 мың адамға қарыз берілді Фото: inbusiness.kz

"Қарыз алушылардың саны 80 мыңға дейін ұлғайды. Шағын және орта бизнеске кредит беру үлесі 92%-дан 95,3%-ға дейін өсті. 57 ірі жоба іске қосылды. Ауылда 15 мыңға жуық жұмыс орны құрылды", – деді министр.

Сапархан Омаровтың түсіндіруінше, агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін жеткілікті кепілдік базасы болмаған жағдайда екінші деңгейлі банктердің қарызына кепілдік берудің жаңа тетігі қолжетімді болды. Жобаны "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жүзеге асырды.

"Қарызға кепілдік беру құралы агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне банкке қажетті кепілмен қамтамасыз ету қаражатының 15%-нан 50%-ға дейін көлеміне кепіл беруіне жағдай жасайды. Қалғанына мемлекет кепіл болады", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу