80 мың теңге алып, 800 мың теңге айыппұл арқалады

865

Ықтиярхат үшін пара сұраған.

80 мың теңге алып, 800 мың теңге айыппұл арқалады

Алматы облысынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті А.Тоқтамұратұлы есімді азаматқа қатысты істі аяғына жеткізді. Агенттіктің 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров іс сотта қаралып, үкім шыққанын айтады. 

"А.Тоқтамұратұлы алаяқтық жолмен Қазақстан Республикасына қоныс аударған Қытай Республикасының азаматтарына (Б.Дәулет, Г.Түсіпәлі, Б.Бағдәулет, А.Бағдәулет) ықтиярхат жасап беретінін айтып, 80 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген болатын.  Алматы облысындағы Ескелді аудандық сотының үкімімен Тоқтамұратұлы 300 АЕК немесе 800 мың теңге көлемінде айыппұл арқалап, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды", – деді Данияр Биғайдаров. 

Есжан Ботақара 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу