80 мыңнан астам қазақстандық студент шетелде білім алады

153

Оның ішінде басым көпшілігі Ресейде — 60 мың студент білім алады. 

80 мыңнан астам қазақстандық студент шетелде білім алады Фото: freepik

Одан бөлек танымал бағыттарға Еуропа елдері, АҚШ жатады және кейінгі кездері Оңтүстік Корея мен Ганконгтың квота беру арқасында онда да қазақстандық студенттер саны өсті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Біздің студенттердің басым көпшілігі Ресейде — 60 мың студент білім алады. "Болашақ" бағдарламасы аясында 1 мыңнан астам студент Ұлыбритания, жалпы Еуропа елдері мен АҚШ-та оқып жатыр. Сонымен қатар Оңтүстік Корея мен Ганконг университетіне түсетіндер көбейді. Корея мемлекетінде 1 мыңнан астам қазақстандық жоғарғы оқу орындарында білім алып жатыр. Гонконг арнайы квота бөліп 450-ден астам студентті қабылдады. Барлығын бірге есептесек 80 мыңнан астам қазақстандық шетелде оқиды", — деді ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек.

Сондықтан Қазақстан үшін шетелдік стандарттарды енгізу өте маңызды, жаңа корпустар мен филиалдар ашу арқылы бейінді Министрлік студенттерді өз елімізде оқуға ынталандырмақ әрі шет елден студендерттерді тартуды жоспарлап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу