80 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауға құжат тапсырды

811

Көмек көрсетудің жаңа тетіктері енгізілуіне байланысты қаржыландыру көлемі ұлғайтылды. Бұл мақсатқа 2020 жылы 326,9 млрд теңге бөлінді.

80 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауға құжат тапсырды

Елімізде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін 80500 отбасыдан өтініш қабылданды. Оның ішінде көпбалалы отбасылардың үлесі 40,5 % немесе 32,6 мың отбасы. Бұл биылғы жылдың 28 қаңтарындағы көрсеткіш, деп хабарлайды Atameken Business.

Өңірлер бойынша ең көп өтініш Түркістан облысында тіркелді. Онда 14,2 мың отбасы құжат тапсырған. Ал Шымкентте – 11,1 мың,  Алматы облысында – 9,6 мың, Жамбыл облысында – 6,9 мың, Қызылорда облысында – 5,9 мың отбасыдан  құжат қабылданды.

Өңірлерде 2,6 мыңнан астам учаскелік комиссия жұмыс істейді. Олар жүргізген зерттеу нәтижелерін ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек 21,2 мың отбасыға немесе 103,8 мың адамға тағайындалды, оның 38,4% көпбалалы отбасы.

Айта кету керек, көмек көрсетудің жаңа тетіктері енгізілуіне байланысты қаржыландыру көлемі ұлғайтылды. Бұл мақсатқа 2020 жылы 326,9 млрд теңге бөлінді. Нақтырақ, айтсақ республикалық бюджеттен – 279,9 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 46,9 млрд теңге. Ал 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 244,2 млрд теңге бөлінген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу