80 мыңнан астам тұрғын "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызының қызметтерімен қамтылады

491

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы өз жұмысын Алматы қаласынан бастады.

80 мыңнан астам тұрғын "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызының қызметтерімен қамтылады Фото: gov.kz

Шалғай өңірлердің тұрғындарын қолжетімді және білікті, тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін 2010 жылдан бастап "Медициналық пойыздар" жобасы іске асырылуда. Жобаны Денсаулық сақтау министрлігі, "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК АҚ жанындағы "Әлеуметтік жобалар қоры" корпоративтік қоры бірлесіп іске асырады.

Жобаның шеңберінде шалғайдағы ауыл тұрғындарына зерттеп-қарау, диагностика және емдеу бойынша медициналық қызметтер көрсетілетін болады. Бұл туралы inbusiness.kz ДСМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы өз жұмысын Алматы қаласынан бастады.
Кесте бойынша "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін 112 станцияның 80 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді.

Абай, Ұлытау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарының станцияларына бару жоспарлануда.
Медициналық пойыз қажетті медициналық жабдықтармен және дәрігерлермен толық жарақталған.

2022 жылы "Жәрдем" және "Саламатты Қазақстан" медициналық пойыздарымен 147 станция қамтылып, 77 648 тұрғынға, оның ішінде 20 518 балаға қызмет көрсетілді, 5 097 шағын хирургиялық операциялар жүргізілді, 304 377 тар мамандармен қаралды, 66 072 консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу