80 отбасыға әлеуметтік пәтерлердің кілті табыс етілді

1167

Үй ҰОС қатысушылары, мемлекеттік және әскери қызметшілер, бюджеттік жұмысшылар, көп балалы отбасылар, жетім балалар үшін арнайы салынған.

 80 отбасыға әлеуметтік пәтерлердің кілті табыс етілді

Таразда баспана кезегінде тұрған 80 отбасыға әлеуметтік пәтерлердің кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтемемен.

"Арай" тұрғын алабында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай баспана кезегінде тұрған 80 отбасыға әлеуметтік пәтерлердің кілті табыс етілді. Үй "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында ҰОС қатысушылары, мемлекеттік және әскери қызметшілер, бюджеттік жұмысшылар, көп балалы отбасылар, жетім балалар үшін арнайы салынған.

Құны 634 млн теңгені құрайтын жоба республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылды.

Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов пәтер иелерін айтулы оқиғамен құттықтады.

"Арай" тұрғын алабында көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы 2014 жылы басталды. Оған қаланың оңтүстік-батысынан 14 гектар жер бөлінді. 2015 жылы құрылысшылар "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы 65 пәтерлі екі тұрғын үйде пайдалануға берген. 2016 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынған үйден 80 отбасы пәтерлі болды. Биыл "Бином" және "Агроспецстрой" кәсіпорындары әрқайсысында 80 пәтері бар  12 және 5 қабатты тұрғын үйлерді салып жатыр. Жалпы, "Арай" тұрғын алабындағы пәтерлердің саны 960-ты құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу