80 студент ҚР Тұңғыш Президенті қорының стипендиясына ие болды

1539

80 студент ҚР Тұңғыш Президенті қорының стипендиясына ие болды

Алматыда жыл сайынғы ҚР Тұңғыш Президенті қорының  студенттік стипендияны алу үшін өткізетін байқау қорытындысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тұран" университетінде студенттік стипендияларды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Үздік оқығаны үшін Қазақстанның 80 үздік студенті жыл бойы, әр ай сайын қордың атаулы стипендиясын алатын болады. Конкурстық іріктеу өте қатаң болды. Байқауға қатысушылардың оқуда жақсы көрсеткіштері ғана емес, оқу орнының ғылыми және шығармашылық өмірінде белсенді болуы тиіс. Байқауға Қазақстанның 40-тан астам жоғары оқу орнынан 500-ге жуық өтініш түсті.

"Қор шәкіртақысы - бұл тек жоғары үлгерімді ғана емес, сонымен қатар үлкен ұмтылыс пен табысқа деген күшті ынталандыру болып саналады. Қордың негізгі бағыттарының бірі - талантты жастарды қолдау. Бұл байқау жас қазақстандықтарды әлі де үлкен жеңістер мен жетістіктерге ынталандыруға мүмкіндік береді. Іріктеу барысында барлық студенттер өз ЖОО мен қаланың қоғамдық өмірінде білім мен жетістіктердің жоғары деңгейін көрсетті", - деді қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Студенттер шәкіртақысын салтанатты түрде тапсыру барысында концерттік бағдарлама көрсетілді. Іс шараны  танымал "Спарта Номад" КВН тобының - мүшелері жүргізді.

"Инновациялық даму және қазіргі Қазақстандағы ғылымның қажеттілігі" атты XII Халықаралық ғылыми конференцияның   басында стипендиаттардың фотокөрмесі ашылып, онда олардың әрқайсысы өздерінің жетістіктері мен болашақ мақсаттары туралы айтты.

Сондай-ақ, екі күндік іс-шараға қатысушыларды мастер-кластармен мазмұнды бағдарлама, дөңгелек үстел және ҚР әлеуметтанушылар мен әлеуметтік қызметкерлердің күзгі мектебі күтіп тұр. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстанның экономика және құқық саласындағы  білікті ғалымдар қатысады. Олар жоғары білім беруде адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу