Атырауда 80 жастағы зейнеткер өзіне қарайласпаған 8 баласы мен немересінен алимент өндіріп алды

516

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Атырауда 80 жастағы зейнеткер өзіне қарайласпаған 8 баласы мен немересінен алимент өндіріп алды Фото: newsroom.kz

Атырауда 80 жастағы зейнеткер өзіне күтім мен қамқорлық көрсетпеген 8 баласы мен 1 немересінен алимент өндіруді талап етіп, сотқа жүгінді. 

Шағымда зейнеткердің 10 жылдан астам уақыт жалғыз тұратыны көрсетілген.

Оның айтуынша, туыстарының ішінде тек бір ұлы ғана анда-санда хабарласады, ал қалған балалары мен немересі материалдық не моральдық қолдау білдірмеген.

Зейнеткер денсаулығы мен қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты туыстарының көмегіне мұқтаж екенін айтқан.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 145-бабы 1-тармағына сәйкес, кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға міндетті.

Сондай-ақ, кодекстің 153-бабына сай, егер ата-әжелер алиментті балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) өндіре алмаса, онда кәмелетке толған еңбекке қабілетті немерелерінен алимент талап етуге құқылы.

– Атырау қалалық соты тараптардың материалдық және отбасылық жағдайын зерттей келе, зейнеткердің талабын ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Сот оның тамақ және дәрі-дәрмек шығындары үшін 8 баласы мен немересінің әрқайсысынан 3 АЕК мөлшерінде алимент өндіруге қаулы етті. Аталған шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу