80 жылдан кейін 80 жастан асқан адамдар саны жеті есеге артады

1236

 80 жылдан кейін 80 жастан асқан адамдар саны жеті есеге артады

2030 жылға қарай әлем халықтарының саны миллиард адамға өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2030 жылға қарай жер бетінде өмір сүретін адамдар саны миллиардқа көбейеді, бұл адамзаттың орташа өмір сүру ұзақтығының ұзаруымен байланысты. Шамамен 80 жылдан кейін жер бетінде қазіргі деңгеймен салыстырғанда 80 жастан асқан адамдар саны жеті есеге артады. Бұл туралы БҰҰ бас хатшылығының экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаменті дайындаған әлемдік демократиялық жағдай және оның өзгеріс перспективалары жайлы баяндамасында айтылған. Баяндамада 2030 жылға қарай жер бетінде өмір сүретін адам саны  8,6 миллиардқа, 2050 жылы - 9,8 миллиард, 2100 жылы - 11,2 миллиардқа жететіндігіне болжам жасалады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу