80 жылқыны қолды қылғандар ұсталды

800

Алматы облысында "Мал ұрлығы" республикалық алдын алу іс-шарасы өтті.

80 жылқыны қолды қылғандар ұсталды

Алматы облысының тәртіп сақшылары "Мал ұрлығы" республикалық алдын алу іс-шарасы барысында екі тәулік ішінде мал ұрлығының 39 дерегін әшкереледі. Оның 30 дерегі бұған дейін жасалған қылмыс болса, оның ішінде 13 мал ұрлығы "бұрынғы жылдар" санатына жатады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

"Республикалық іс-шара 14-16 мамырға жоспарланған. Екі күн ішінде облыста 9 мал ұрлығы тіркеліп, 17 бас мал қолды болған. Полицейлердің жедел іздестіру шаралары барысында қылмыстардың барлығы ізі суымай ашылып, барлық мал өз иелеріне қайтарылды.

Жыл басынан бері полицейлер облыс аумағында мал ұрлығын кәсіп қылған кәнігі ұрылардың 34 тобын құрықтаған. Олардың 96 қылмысқа қатысы бары анықталып, айып тағылды.

"Бірнеше күн бұрын 4 адамнан құралған барымташылар тобы ұсталды. Олар былтырғы қыркүйектен бері 80 бас жылқыны қолды қылғаны анықталды. Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 43 жылқыны тауып, иелеріне қайтарып берді. Сондай-ақ, ұрланған малды сатып алушылар мен сату орындары да әшкере болды. Полицейлер ұрылармен қатар, сатып алушыларды да жауапкершілікке тартуға мүдделі. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда",­– деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу