800-ден астам қазақстандық елге оралды

1046

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

800-ден астам қазақстандық елге оралды

"22 наурызда елге 803 отандасымыз келді. Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің дипломаттары біздің туристерді Шарм эль Шейх - Алматы бағыты бойынша чартерлік рейске отырғызуға көмек көрсетті. Біздің туристер үшін Scat әуекомпаниясы ұйымдастырған чартерлік рейске дипломаттардың күшімен Каир және Александрия қалаларында уақытша болған (тұрған) азаматтарымыздың ішінен қосымша жолаушылар отырғызылғанын атап өтеміз. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 235 азаматымыз елге оралды", – деп жазылған СІМ таратқан ақпаратта.   

Сонымен қатар тап осы күні Түркиядан 536 адам елге келді.   . 

"Сондай-ақ Мажарстан мен Омандағы елшілердің көмегімен Қазақстанның 32 азаматы елге оралған", – деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу