800 эпидемиолог қажет – Айжан Есмағамбетова

1188

Бас санитар тапшы мамандар туралы айтты.  

800 эпидемиолог қажет – Айжан Есмағамбетова

Еліміздің денсаулық сақтау саласында 250 мыңдай адам жұмыс істейді. Солардың ішінде эпидемиолог мамандар тапшы. Бұл туралы бас санитар Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында айтты.

"Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында 250 мыңдай адам жұмыс істейді. Оның ішінде 72 мың дәрігер, 177 мың орта медициналық персонал, 8755 эпидемиолог, санитарлық медициналық ортада 2,5 мың орта медициналық маман бар. Денсаулық сақтау мнистрлігі ұсынған дерек бойынша, салаға 4000 қызметкер жетіспейді. Ал тікелей коронавируспен күреске 16 мың маман жұмылдырылған. Бұдан бөлек әр өңірде кадрлық резерв жасақталды. Олар өңірдегі медицина мамандарының 10-нан 20 пайызына дейін деген сөз. Дәл қазір медицина мамандарының тапшылығы жоқ. Бірақ эпидемиологтардың жеткіліксіз екенін айтқым келеді. Коронавирус инфекциясы жағдайын тексеретін мамандар жетпей жатыр. Тапшылық шамамен 800 адамды құрайды", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу