800-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

682

Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

800-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 794 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штабы.

Оның 54-і – Нұр-Сұлтан қаласында, 70-і – Алматы қаласында, 4-і – Шымкентте тіркелген.

Өкінішке қарай, індет жұқтыру өзге өңірлерде халық саны басым деген басты қалалардан да көп анықталып отыр: Ақмола облысында – 91, Ақтөбе облысында – 3, Алматы облысында – 32, Атырау облысында – 17, Шығыс Қазақстан облысында – 125, Жамбыл облысында – 11, Батыс Қазақстан облысында – 44, Қарағанды облысында – 25, Қостанай облысында – 87, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 121, Солтүстік Қазақстан облысында – 108, Түркістан облысында 1 адамнан COVID-19 анықталған.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 131659.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу