800 мыңнан астам адам тегін азық-түлікпен қамтамасыз етіледі

2147

Азық-түлікті өндіру және жеткізу үшін жергілікті шағын және орта бизнес тартылады.  

800 мыңнан астам адам тегін азық-түлікпен қамтамасыз етіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 31 наурыз күнгі жасаған үндеуінде тегін азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілуі тиіс азаматтар санатының тізімін кеңейту қажет екенін айтты.

"Тегін азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілуі тиіс азаматтар санатының тізімін кеңейту қажет. Мұндай көмек пакеті қосымша 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға және ресми тіркелген жұмыссыздарға ұсынылуы керек. Бұл шара 800 мыңнан астам адамды қамтиды. Сонымен қатар, мұндай жиынтықтардың минималды мөлшерін заттай түрде бекіту керек. Өндіру және жеткізу үшін жергілікті шағын және орта бизнесті тарту маңызды. Мемлекет әлеуметтік қолдау қорларының мақсатты жұмсалуын бақылаудың тиімді тетігін қамтамасыз ететін платформаны құру үшін отандық IT-компанияларды жұмылдыру қажет. Болашақта өздері таңдап, сатып алуы үшін заттай жинақтардан біртіндеп қаражат аударуға көшуіміз керек" – деді Мемлекет басшысы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу