800 орындық IT мектеп-лицей ашылды

1688

Әр сыныпта сенсорлы тақталармен жабдықталған. Робототехника кабинеті бар.

800 орындық IT мектеп-лицей ашылды

Ақмола облысының Бурабай ауданында 800 орындық мектеп-лицей ашылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Аудан орталығы Щучинск қаласында бой көтерген білім ошағы ақпараттық технологиялар бағытында оқытады.

Мектеп ғимараты екі корпустан тұрады. Біріншісі, оқу корпусы болса, екіншісі, жатақхана. Яғни, мұнда маңайдағы ауылдардан 135 бала жатып білім ала алады.

"Біздің мектеп "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының аясында ашылып отырғандықтан, нысан барлық заман талабына сай келеді. Мәселен, әр сыныпта сенсорлы тақталармен жабдықталған. Робототехника кабинеті бар. Одан бөлек, физика кабинетінің өзінде 3 зертхана, химия пәнінен 4 зертхана жұмыс істейді. Тіпті бұл мектепте бассейн де қарастырылған",– дейді мектеп-лицейдің директоры Гүлнәр Шәріпова.  

Жалпы биыл Ақмола облысында мектеп жасындағы 124 мың бала бар. Олардың 16 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.

Өңірде биыл бұдан бөлек тағы 3 мектеп салынып жатыр. Бірақ олар қыркүйек айында емес, жыл соңына қарай пайдалануға берілмек. Ал олардың барлығы елорда іргесіндегі Целиноград ауданында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу