800 тонна бензин келе жатыр

1035

 800 тонна бензин келе жатыр

Еліміздің екі облысында "ҚазМұнайГаз" компаниясының жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бензинін еркін сатуда әлі де қиындықтар байқалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Толықтай алғанда "ҚазМұнайГаздың" жанармай құю бекеттеріне бензин жеткізу тұрақтанып келеді.  Егер өткен аптаның басында тек үш облыста ғана  мұнай өнімдерін еркін сатуға мүмкіндік болса, қазіргі уақытта Қазақстанның 8 өңірінде өнімдер еркін сатылып жатыр. Алты өңірде мұнай өнімдерін еркін, бірақ бір қолға 20 литрден артық емес көлемде сатуға мүмкіндік беретін көлем бар", - деді "ҚазМұнайГаз өнімдері" ЖШС-ның даму жөніндегі басқарушы директоры Бақытжан Тасанбаев  БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында бензинді картамен ғана беруде. Дегенмен, бұл өңірлерге таяу күндері жеткілікті көлемде бензин жеткізілетін болады. Сонымен қатар  елордада бензин еркін сатылып жатыр. АИ-92 бензинінің 2 мың тоннадан астам қалдығы бар. Бұған қоса,  Ресейден 2 мың тоннадан астам бензин импортталған. Жолда шамамен 800 тонна бензин келе жатыр. Толықтай алғанда, қазіргі уақытта "ҚазМұнайГаздың" жанармай құю бекеттерінде 8-10 мың тонна мұнай өнімдері бар.

"Қазақстан бойынша АИ-92 бензинінің 12 мың тоннасы жолда келе жатыр және аталған келім жеткізілгеннен кейін еркін режимде сатылатын болады. Бұған қоса, қазіргі уақытта зауыттардың бірінде жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын және импорттың қажет екендігін ескере отырып,  "ҚазМұнайГаз өнімдері" ресейлік бензиннің 45 мың тоннасын импорттау туралы шарт жасасты. Оның негізгі бөлігі осы аптаның ішінде жеткізіледі. Жалпы, қазақстандық және ресейлік шамамен 60 мың тонна мұнай өнімдері жеткізіледі деп күтудеміз", - деді ол.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу