802,5 млрд теңге экономикалық тиімділікке қол жеткізілді

1441

Отандық стартаптарға 38 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды.

802,5 млрд теңге экономикалық тиімділікке қол жеткізілді

Қазақстан цифрландыру бойынша жақсы жетістіктерге жетті. Ел азаматтарының цифрлық дағдысы – 82,1% асты. Бұл туралы үкімет отырысында цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

"ІТ саласындағы адами капиталдың дамуы арқасында бүгінгі күні "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында 802,5 млрд теңге экономикалық тиімділікке қол жеткізілді. Әртүрлі салаларда 120 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Отандық стартаптарға 38 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды", – деді Асқар Жұмағалиев. 

Оның айтуынша, ІТ сала бойынша халықаралық рейтингтегі көрсеткіштер де жаман емес. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасын орындау аясында мемлекеттік бағдарламаға өзгеріс енгізілді. Оның ішінде бизнесті, экономика салаларын цифрландыруға ерекше көңіл бөлінді. Нақтырақ айтқанда экономиканы цифрландырудың басты драйверлері ретінде 10 технологиялық платформа іріктелді. Осының нәтижесінде жаңа жоғары технологиялық компаниялар пайда болады. Ол үшін бірінші кезекте жоғары білікті IT-маман қажет. Бүгінгі күннің өзінде IТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік – 30 мыңнан астам адамды құрап отыр", – деді Асқар Жұмағалиев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу