81,5 миллион теңге игерілмей қалды

852

 81,5 миллион теңге игерілмей қалды

Биыл Павлодар облысының шығыс бюджетінің 99,5 пайызы орындалған. Облыс бойынша әртүрлі себептерге байланысты 81,5 миллион теңге игерілмей қалған. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалында депутаттық фракция, партияның бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің кезекті отырысында айтылды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Сұлтанованың сөзінше, бюджеттің шығыс бөлігін орындау мөлшері 147 977,2 млн теңгені құраған. Тиісінше, 81,5 млн теңге игерілмеген. Бұл сома Павлодар қаласы мен Железин және Баянауыл аудандарына тиесілі. Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Тоқжігітованың сөзінше, ауданға бөлінген қаражаттың 97,9 пайызы тиісті жеріне жеткен.

"Биыл Баянауыл ауданына 9 млрд 247 млн теңге бөлінген. Оның 4 миллиардтан астамы аудан орталығындағы әлеуметтік нысандарды жөндеу, жол құрылысын жүргізу, су құбырларын тарту, көшені жарықтандыру секілді жұмыстарға жұмсалды. Ал, Торайғыров ауылына бөлінген қаражаттан 4 млн. 509 мың теңге қалып отыр. Бұл қаражаттың барлығы өз уақытында бюджетке қайтарылады. Ал, қалған қаржыны жылдың соңына дейін толық игеретін боламыз, - дейді Бақыт Тоқжігітова.

Атқарушы органдардың есебін тыңдаған депутаттар мен партия фракциясының мүшелері қаражатты тиімсіз пайдалану жағдайын болдырмауды атқарушы органдарға қатаң тапсырды.

"Депутаттық фракция жаңа формат бойынша жұмыс істеуде. Басты мақсатымыз - бюджет қаржысының игерілуін бақылау. Қазір осы бағытта кең көлемде сараптама жасаудамыз. Қандай да бір заң бұзушылық болса, бірден зерттереп, анық-қанығына жетеміз", - деді жұмыс тобының жетекшісі Марина Стрелковская.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу