81,5 млрд теңгенің фармацевтикалық өнімі өндірілді

611

Инвестиция 4,1 млрд теңгені құрады. 

81,5 млрд теңгенің фармацевтикалық өнімі өндірілді

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов отандық кәсіпорындар фармацевтикалық өнім өндірісін 34,1%-ға арттырғанын айтты. 

"Отандық фармацевтика саласында 96 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 33-і дәрілік заттар, 41-і медициналық бұйымдар және 22-сі медициналық техника өндіреді. Бес мыңнан астам адам фармацевтика өнеркәсібінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді. Ірі өндіріс ошақтары еліміздің 4 өңірінде – Алматы мен Шымкент қалаларында, Алматы және Қарағанды облыстарында орналасқан. Олар дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар өндірісінің 75% қамтамасыз етеді", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның сөзінше, сала кәсіпорындарының тұрақты қызметі нәтижесінде 2019 жылы өндіріс көлемі 18% өсіп, 92 млрд теңгені құрады. 

"Экспорт 69% артып, 59 млн АҚШ долларына жетті. Биылғы 8 айда отандық кәсіпорындар фармацевтикалық өнімдерге деген жоғары қажеттілікті қамтамасыз етіп, өндіріс 34,1% немесе 81,5 млрд теңгеге өсті. Инвестиция 5,2% артып, 4,1 млрд теңгені құрады", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу