81 тонна банан Ресейге кері қайтарылды

864

Сондай-ақ 37 тонна картоп пен 20 тонна сәбіз де экспорттаушы елдің аумағына жөнелтілді.

81 тонна банан Ресейге кері қайтарылды

2020 жылдың алғашқы аптасында Ресейден Қазақстанға қауіпі жоғары өнімдерді заңсыз алып кірудің 8 жағдайы анықталды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

"Көрші Ресей елінен фитосанитариялық сертификаты болмаған 81 тонна банан, 37 тонна картоп және 20 тонна сәбіз өнімдері, сондай-ақ қаптамасында таңбасы болмаған 3 тонна бидай тұқымдары кіргізілмек болған",– делінген ведомство хабарламасында.

Анықталған жүктер кері қайтарылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу