811 тұрғын қажетті тегін дәрі-дәрмекті дер кезінде алмаған

362

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мәлім етті.  

811 тұрғын қажетті тегін дәрі-дәрмекті дер кезінде алмаған Фото: Tengrinews

Ұлан ауданының прокуратурасы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру нәтижесінде аудандық ауруханада диспансерлік есепте тұрған 811 азаматтың мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек аясында қажетті дәрілік заттарды уақытылы алмағаны белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде анықталған заңбұзушылықтар жойылып, пациенттер қажетті дәрі-дәрмектермен толық көлемде қамтамасыз етілді. Осылайша азаматтардың бұзылған конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар прокурордың ұсынысы бойынша заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура органдары азаматтардың денсаулығын қорғауға қатысты конституциялық құқықтарының сақталуын ерекше бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу