813 адамда коронавирус індеті расталды

667

Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

813 адамда коронавирус індеті расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штаб.

Аймақтар арасында үш облыста тіркелу саны көп: Шығыс Қазақстан облысында – 170, Павлодар облысында – 107, Солтүстік Қазақстан облысында – 117.

Үш мегаполис ішінде Алматы қаласында ауру жұқтырғандар саны басым – 74, одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан қаласы – 71, ал Шымкент қаласында 4 жағдай анықталған.

Өзге өңірлер: Ақмола облысында – 76, Ақтөбе облысында – 5, Алматы облысында – 21, Атырау облысында – 12, Жамбыл облысында – 16, Батыс Қазақстан облысында – 41, Қарағанды облысында – 21, Қостанай облысында – 75, Түркістан облысында 3 адамның індет жұқтырғаны белгілі болған.

Елде COVID-19 тіркелгелі індет жұқтырғандар саны 129213-ға жетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу