819 адамнан коронавирус анықталды

573

Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 желтоқсан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

819 адамнан коронавирус анықталды

Шұғыл штаб өткен тәулікте 819 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғанын хабарлады.

ШҚО "қызыл аймақтар" қатарынан түскенімен, өңірде әлі де вирус жұқтыру өзге өңірлермен салыстырғанда жоғары. Өткен тәулікте аймақта 137 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Солтүстік өңірлерде де көрсеткіш салыстырмалы түрде жоғары: Павлодар облысында – 106, Солтүстік Қазақстан облысында – 90, Қостанай облысында 85 адам тіркелді.

Өзге де аймақтар: Нұр-Сұлтан қаласында – 88, Алматы қаласында – 64, Шымкент қаласында – 9, Ақмола облысында – 90, Ақтөбе облысында – 9, Алматы облысында – 25, Атырау облысында – 28, Жамбыл облысында – 15, Батыс Қазақстан облысында – 41, Қарағанды облысында – 23, Маңғыстау облысында – 4, Түркістан облысында 5 адамнан індет анықталды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 134706.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу