2019 жылдың 1 қаңтары мен 11 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Түркістан өңірлерінің аудандық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей мен Өзбекстанның фитосанитарлық қаупі жоғары өсімдік өнімдерін заңсыз кіргізбек болған 50 әрекетті тоқтатты, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Фитосанитарлық карантин бақылауын жүргізу барысында фитосанитарлық сертификатсыз Ресейден 2500 дана көкөніс дақылдары тұқымын, 20 тонна лимон мен мандаринді, Өзбекстаннан 82 тонна құрма мен 20 тонна пістені әкелу фактілері анықталды.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарына сәйкес аталған өнімдерді Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынған болатын. Жүктер Ресей мен Өзбекстанға кері қайтарылды, сонымен қатар айыпты адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.